Текст
Ұстаздар күні қарсаңында колледжімізде педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Бұл – ұзақ жылдар бойы жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге үлес қосқан, колледждің дамуы мен болашақ мамандарды даярлауға зор еңбек сіңірген ұстаздарға деген құрметіміздің белгісі.
Олардың даналығы, кәсіби шеберлігі мен өз ісіне деген адалдығы әріптестері мен студенттеріне үлгі болып қала береді. Көрме колледж тарихын сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Құрметті педагогикалық еңбек ардагерлері!
Еңбектеріңіз, білімдеріңіз бен жүрек жылуыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жан жылуын тілейміз!